Жамбыл облысындағы жарылыс болған 28349 әскери бөлімі командирінің бұрынғы орынбасары осыған дейін парамен ұсталған, деп хабарлайды ЭК.
Кеше жойқын жарылыс болған Жамбыл облысы Байзақ ауданында орналасқан 28349 әскери бөлімі 1966 жылы құрылған. Алдымен Аягөз қаласында инженерлік оқ-дәрі қоймасы ретінде құрылған бөлім, кейін Жамбыл облысына көшірілген. Осыған дейін қару-жарақ пен оқ-дәрі сақталған әскери бөлім 2016 жылы 50 жылдығын өткізіп, тіпті әскери шенділер бұл бөлімнің абыройлы қызметі туралы айтқан.
Тағы оқыңыз: «Үйлерін тастап қашуда»: Тараздағы жарылыс неден болған?
Алайда бұл әскери бөлімнің барлық қызметкерлері өз қызметін адал атқарған жоқ. 2013 жылы осы бөлімнің командирінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық мәселелер жөніндегі орынбасары 3000 доллар пара алу кезінде ұсталған болатын. Ол параны шекара қызметіне жұмысқа тұрғысы келген тараздықтан талап еткен.
Сондай-ақ 2016 жылы ҚР Қорғаныс министрлігі әскери бөлімнің даярлығын тексеріп, сарбаздар түнгі сынақтан сүрінбей өткен.