Токио қаласында Паралимпиада ойындары өтіп жатыр. Паралимпиада ойындары 24 тамыз бен 5 қыркүйек аралығында өтеді. Жарыстың екінші күнінде дзюдошы Әнуар Сариев финалға шығып, алтын медаль үшін таласады.
Одан бөлек, жүзуден іріктеу кезеңінде жақсы нәтиже көрсеткен Сиязбек Далиев те Паралимпиаданың финалына жолдама алды. Елордалық спортшы Паралимпиада ойындарында 50 метрге баттерфляй әдісімен жүзу жарысында финалға шықты. Сиязбек Далиев іріктеу сыныңда 35.75 секунд нәтижесін көрсетіп, финалға жолдама алды. 31 жасар спортшы жалпы есепте төртінші орын алды. Финал 27 тамызда сағат 15.25 өтеді.
Еске салайық, жарыстың алғашқы күнінде ел атынан сынға түскен Давид Дегтярев (54 келі) пауэрлифтингтен алтын медаль жеңіп алды.
Паралимпиадада Қазақстан намысын келесі спортшылар қорғайды:
Жүзу:
Нұрдәулет Жұмағали Нұрәлі Советқанов Сиязбек Далиев Ержан Сәлімгереев Зульфия Габидулина Роман Агалаков Әлия РахымбековаЖеңіл атлетика:
Дастан Мұқашбеков Салтанат ӘбілқасымқызыДзюдо:
Жанбота Аманжол Зарина Байбатина Теміржан Дәулет Даяна Федосова Әнуар Сариев Ғалымжан СмағұлұлыКаноэ:
Бибарыс Спатай Таэквондо: Нұрлан Домбаев Нышан Өмірали Камила ДосмаловаПауэрлифтинг:
Давид Дегтярев Раушан Қойшыбаева Рахмеджан Хамаев Гүлбану Әбдіхалықова Алина СолодухинаОқ ату:
Айсұлу ЖұмабаеваОлимпиада мен Паралимпиада спортшыларына мемлекет тарапынын сыйақы мөлшері бірдей тағайындалады. Атап айтсақ, бірінші орын алған спортшыға 250 мың доллар, екінші орынға 150 мың доллар және үшінші орынға 75 мың доллар мөлшерінде сыйақы төленеді.