$ 444.32  473.33  4.76

Қаза тапқан әскери прокурор бүгін туған күнін атап өтуі керек еді...

Алайда әріптестер құттықтаудың орнына бүгін көңіл айтып жатыр.
Фото: ашық дереккөзі
Фото: ашық дереккөзі

Жамбыл облысындағы инженерлік оқ-дәрі қоймасында болған өрттен қаза болған Оңтүстік өңірдің әскери прокуроры Арман Қапезов тірі болғанда бүгін туған күнін атап өтер еді, деп хабарлайды zakon.kz.


Алайда әріптестер құттықтаудың орнына бүгін көңіл айтып жатыр.

Бүгін Жамбыл облысындағы инженерлік оқ-дәрі қоймасында болған өрттің салдарынан төрт әскери қызметкердің қаза тапқаны белгілі болды. Достары, әріптестері марқұмдар жайлы жазбаларымен бөлісіп жатыр.

Жамбыл облысындағы әскери бөлімде болған өрт туралы хабар жетісімен, оқиғаның нағыз ошағына алғашқылардың бірі болып жеткен ол адам шығынын болдырмас үшін жанталас кезінде өзі өлім құшты. Ол өз ісімен бізге Отан алдындағы борышын өтеген, антқа адал нағыз прокурордың, офицердің үлгісі екенін танытып кетті. Айналамызда борышын орындау үшін өз өмірін беруге дайын осындай адал жолдастар барда біз өз қызметімізді абыроймен атқара береміз, бізге одан басқа ештеңе керек емес, - деп жазады әріптестері Facebook-те.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары