$ 445.66  474.58  4.78

Әнуар Сариев Токио Паралимпиадаcында күміс медаль жеңіп алды

Кеше пауэрлифтингтен өткен додада Давыд Дегтярев жеңіске жеткен болатын.

Дзюдошы Әнуар Сариев Токиодағы Паралимпиада ойындарында Қазақстан қоржынына алғашқы күміс медальды салды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Ол финалда әзербайжандық Вугар Ширинлиден жеңіліп, 60 келі салмақ дәрежесінде күміс медаль иеленді. Сариев алғашқы кездесуінде моңғол спортшысы Сүхэбаатар Ядамдоржды ұтқан болатын.

Жартылай финалда жерлесіміз венесуэлалық Бланко Маркос Денистен басым түсті.

Паралимпиадаға қатысып жатқан қазақстандықтар еншісінде бір алтын жүлде бар. Кеше пауэрлифтингтен өткен додада Давыд Дегтярев жеңіске жеткен болатын. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары