$ 444.32  473.33  4.76

Жарылыс болған ауылды енді шаңды дауыл басып қалды

Бұл ауыл өрт пен жарылыс болған әскери бөлімнің жанында орналасқан.

Шаңды дауыл күні кеше оқ-дәрілер жарылып, өрт шыққан әскери бөлім маңындағы Ақшолақ ауылында басталған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл ауыл өрт пен жарылыс болған әскери бөлімнің жанында орналасқан.

Оқиға орнынан түсірілген бейнежазба Kris.p.Taraz жергілікті әлеуметтік парақшасында жарияланған. Жазба кадрларынан желдің күшті екпіні мен құмның салдарынан жан-жақты көрудің мүмкін емес екенін байқауға болады. Ал пойыздан түскен жолаушылар әзірге жүрмей тұрған автобусты күтіп жиналып тұр.

Бұған дейін Қазгидромет республиканың оңтүстігінде шаңды дауыл болуы мүмкін екенін хабарлаған болатын.  

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары