$ 494.87  520.65  4.91

Сәт Тоқпақбаев: «Оңтүстік өңірдегі қару-жарақ қоймаларын тазалау қажеттігін қадап айтқанмын»

Бұрынғы Қорғаныс министрі болған Сәт Тоқпақбаев Жамбылдағы жарылыс туралы пікір білдірді.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Бұрынғы Қорғаныс министрі болған Сәт Тоқпақбаев Жамбылдағы жарылыс туралы пікір білдірді, деп хабарлайды ЭК.

1999-2001 жылдары Қорғаныс министрі болған Сәт Тоқпақбаевтың айтуынша, Арыстағы жарылыстан кейін барлық қару-жарақ қоймалары қатаң бақылауда болуы керек еді.

Қазақ үні газетіне берген пікірінде Сәт Тоқпақбаев өзі қызмет еткен жылдары қару-жарақтардың қауіптілерін шығартып, әскери полигондарға жарғызып тастау керек деген ұсыныс айтқанын жеткізді. Алайда, осы шаруаны істеймін деп жүргенде ол қызметін ауыстырған.

«Өзімнен кейін келгендерге қадап тұрып айтқанмын. Әсіресе, оңтүстік өңірдегі қару- жарақ қоймаларын тазалау қажеттігін ерекше ескерткен едім. Бірақ жарылыс тағы қайталанды. Тараз маңындағы жарылыстан кейін Қорғаныс министрі бірден отставкаға сұраныпты. Ол өзін «моральді кінәлімін» деп сезінгені. Ал, адам өлімі болған жерде, отставкаға кетсе де, зейнетке шықса да кімнің айыпты екенін құқық қорғау органдары шешеді»,- деді Сәт Тоқпақбаев.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары