$ 498.34  519.72  4.85

Алматыда бір жарым жасар сәбиді микроавтобус басып кетті

Бала тым ауыр жарақаттарды көтере алмай, ауруханада көз жұмды.

Қайғылы жағдай Алматыдағы «Теректі» ықшамауданында болды. Сәби көлік дөңгелегінің астына түсіп қалды, деп хабарлайды zakon.kz.

Toyota Hiace маркалы микроавтобус Тау Самалы көшесімен жүріп келе жатып, ішіндегі жолаушыларды түсіру үшін тоқтаған. Олардың ішінде балалар да болған. Ең кішісі бір жарым жаста екен.

«Белгісіз себептермен сәби көліктің астына кіріп кеткен. Оны ешбір жан байқамаған. Жүргізуші де ары қарай жүре жөнелген. Артқы дөңгелегімен баланы мыжып кеткенде ғана бір-ақ сезген екен», - делінген хабарламада

Сәби ауыр жағдайда ең жақын деген ауруханаға жеткізілсе де, тым ауыр жарақаттарды көтере алмай, көз жұмды.

Қазіргі уақытта жол полициясы мән жайды анықтауда.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары