Шымкент қаласындағы тоғыз қабатты тұрғын үйден өрт шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі қалалық төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.
Оқиға 27 тамызда сағат 18.02-де Қаратау ауданындағы Нұрсәт-2 шағынауданында орналасқан №20 тұрғын үйде болды. Тоғызыншы қабатты тұрғын үйдің 2 және 9 қабаты аралығындағы аумағы 55 шаршы метрді құрайтын сыртқы қаптама мен сегізінші қабаттағы №48 пәтерде ас үйдің 18 шаршы метрі өртенген.
«Өрт 18.30-да ауыздықталып, 18.48-де толықтай сөндірілді. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттен барлығы 20 адам қауіпсіз жерге көшірілді. Олардың арасында 8-і бала. Оқиға орнында Төтенше жағдайлар департаменті (28 қызметкер мен 7 техника), медициналық апаттар орталығы (3 қызметкер мен 1 техника) мамандары болды», - деп жазылған ТЖД таратқан хабарламада.