Қазақстанда кейінгі тәулікте 6 233 адамнан коронавирус анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК-қа сілтеме жасап.
"Өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 6 233 жағдай тіркелді. Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 773 934-ке жетті", - делінген хабарламада.
Оның ішінде:
Нұр-Сұлтан қаласында - 602,
Алматы қаласында - 1506,
Шымкент қаласында – 246,
Ақмола облысында – 258,
Ақтөбе облысында - 420,
Алматы облысында - 436,
Атырау облысында - 315,
Шығыс Қазақстан облысында - 191,
Жамбыл облысында - 157,
Батыс Қазақстан облысында - 115,
Қарағанды облысында - 815,
Қостанай облысында - 256,
Қызылорда облысында - 177,
Маңғыстау облысында - 213,
Павлодар облысында - 335,
Солтүстік Қазақстан облысында - 120,
Түркістан облысында - 71.
2021 жылғы 28 тамыздағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы мынадай:
"Қызыл" аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстары.
"Жасыл" аймақта: Түркістан облысы.
Ал вакцинаға келер болсақ, 2021 жылғы 27 тамыздағы жағдай бойынша, Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның 1-компонентін 6 564 783 адам, 2-компонентін 5 283 826 адам салдырды.