Жаңалықтар 28.08.2021 сағат 11:07

Жамбылдағы жарылыстан қаза тапқандар саны он үш адамға жетті

Жарылыс кезінде төтенше жағдайлар министрлігінің 50-ге жуық қызметкері түрлі дәрежеде дене жарақатын алған.
Жамбылдағы жарылыстан қаза тапқандар саны он үш адамға жетті
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Жамбыл облысындағы жарылыстан қаза тапқандар саны он үш адамға жетті, деп хабарлады төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.

Нақтыланған мәлімет бойынша, Жамбыл облысындағы  тағы бір адамның денесі табылды. Оның жеке басы анықталып жатыр.
Айта кетері, жарылыс кезінде төтенше жағдайлар министрлігінің 50-ге жуық қызметкері түрлі дәрежеде дене жарақатын алған.

Естеріңізге салайық, 26 тамыз күні кешкі уақытта Жамбыл облысының әскери бөліміндегі қоймалардың бірінде жарылыс болды. Салдарынан жалпы саны 13 адам қаза тапты.

Қайтыс болғандар арасында азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері де бар.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар