$ 448.15  483.46  4.86

«Жасыл» статусы жоқ қазақстандықтар демалыс күндері қайда кіре алады

Еске салсақ, Қазақстанның бас санитар дәрігері Ерлан Қиясов жаңа қаулыға қол қойды.

Нұр-Сұлтанның бас санитар дәрігерінің орынбасары Жанна Пірәлиева Ashyq қосымшасында "көк" статус шығатын адамдарға қайда кіруге рұқсат етілетінін айтты.

"Облысаралық, облысішілік тұрақты тасымалға, қонақ үйлерге, мейманханаларға, әуежайларға, теміржол вокзалдарына, жоғары оқу орындарына, білім беру мекемелеріне, колледждерге, интернаттар мен білім беру ұйымдарының жатақханаларына "жасыл" статус болуы керек деген талап қойылмайды", - деді Пірәлиева брифингте.

Еске салсақ, Қазақстанның бас санитар дәрігері Ерлан Қиясов жаңа қаулыға қол қойды. Оған сәйкес, демалыс күндері қызметкерлері Ashyq қосымшасында "жасыл" мәртебеге ие мекемелерге ғана жұмыс істеуге рұқсат етіледі. Сонымен қатар дәмханалар мен сауда ойын-сауық орталықтарына да "жасыл" статусы бар азаматтар ғана кіргізіледі. Естеріңізге сала кетсек, Қазақстанда өткен тәуліктегі эпидемиологиялық жағдай бойынша ПТР арқылы 6 233 адам коронавируспен ауырғаны расталды. Науқастардың көбі Алматы қаласынан анықталып отыр. Аймақтар бойынша: Нұр-Сұлтан қаласында - 602, Алматы қаласы – 1 506, Шымкент қаласында - 246, Ақмола облысы - 258, Ақтөбе облысында - 420, Алматы облысында - 436, Атырау облысында - 315, Шығыс Қазақстан облысында - 191, Жамбыл облысында - 157, Батыс Қазақстан облысында - 115, Қарағанды облысында - 815, Қостанай облысында - 256, Қызылорда облысында - 177, Маңғыстау облысында - 213, Павлодар облысында - 335, Солтүстік Қазақстан облысында - 120, Түркістан облысында - 71 адам қатерлі вирус жұқтырған. Осылайша, жалпы ел бойынша ауырғандар саны 773 934-ке жеткен.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары