$ 494.87  520.65  4.91

«Тірі қалу мүмкін емес»: Жамбылдағы жарылыстан көз жұмған подполковниктің әйелі жанайқайын айтты

Біреулердің кінәсінен неліктен басқалар ажал құшады?...
Фото: Instagram
Фото: Instagram

26 тамыз күні Жамбыл облысындағы әскери қоймада болған жойқын жарылыстан облыстық Төтенше жағдай департаментіне қарасты "Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметі" мекемесі басшысының орынбасары, подполковник Александр Микропуло көз жұмды. Марқұммен қоштасу бүгін өтеді. Ал өрт сөндірушінің әйелі желіде өзінің жанайқайын айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Менің күйеуім алғашқылардың бірі болып өрт сөндіруге барып, жарылыстан көз жұмды. Азаматтық қорғау подполковнигі - Микропуло Александр Николаевич. Бұл жарылыстың ауқымына қараңыз! Мұнда тірі қалу мүмкін емес. Біздің жігіттерді от пен ұшқын арасына неге жіберді? Техниканың қалай мыжылып қалғанын қараңыз, мықты деген Камаздың өзі металлоломға айналды. Құмның астында қаншасы табылмай жатыр. Адамдарға мұндай сынақ не үшін, құдайым? Біреулердің кінәсінен неліктен басқалар ажал құшады?", - деп жазды марқұмның жұбайы @taraz_life парақшасында. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары