$ 494.87  520.65  4.91

Жел, жаңбыр, найзағай: 29 тамызға арналған ауа райы

Республика аумағында найзағай ойнайды.

«Қазгидромет» синоптиктері 29 тамыз, жексенбі күні ел аумағында ауа райы қандай болатынын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстанның солтүстігінде, орталығында, оңтүстік және оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында атмосфералық фронттар жүріп өтеді. Соның әсерінен қатты жаңбыр жауады. Республика аумағында найзағай ойнайды. 

Күндіз еліміздің солтүстігінде шаңды дауыл соғып, күн күркірейді, жел күшейеді. 
Елдің оңтүстігінде де шаңды дауыл тұрады, солтүстікте және оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында бұршақ жауады. Еліміздің шығысында, батысында және оңтүстік-батысында жауын-шашын жаумайды. 

Ақмола облысында найзағай жарқылдайды, өңірдің солтүстігінде тұман түседі. Ал орталығында және шығысында бұршақ жауып, дауыл соғады. Батысында, солтүстігінде жел екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді. Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-батысында - найзағай, бұршақ, күндіз шаңды дауыл мен жел. Жел жылдамдығы күндіз секундына 23 метрге жетеді. 

Павлодар облысының солтүстігінде және батысында күн күркірейді, күндіз бұршақ жауады. Найзағай кезінде желдің күші 15-20 м/с болады. 

Күндіз Қарағанды облысының солтүстігінде және шығысында найзағай ойнайды, солтүстігінде және батысында жел қарқыны - 15-20 м/с. 

Жамбыл обысының таулы аудандарында, солтүстік-шығыс маңайында найзағай жарқылдап, бұршақ жауады. Күндіз аймақтың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында жел күшейеді. Ал солтүстік-шығыста шаңды дауыл көтеріледі. 

Күндіз Түркістан облысының таулы аудандарында күн күркірейді. Өңірдің солтүстігінде және таулы аудандарында жел екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді. 

Ақтөбе облысының шығысында, күндіз Қызылорда облысының орталығында жел жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. 

Алматы облысының таулы аудандарында найзағай жарқылдайды. Күндіз Қарағанды облысының оңтүстігінде, Алматы облысының басым бөлігінде, Маңғыстау облысының оңтүстігінде аптап ыстық болады. 

Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қызылорда, Түркістан, Жамбыл облыстарында, Қостанай, Алматы, Қарағанды облыстарының басым бөлігінде, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, Ақмола облысының батысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары