Жаңалықтар 29.08.2021 сағат 22:44

Белгілі жазушы Несіпбек Дәуітайұлы өмірден өтті

Бұл туралы ақын Маралтай Райымбекұлы өз парақшасында жазды.
Белгілі жазушы Несіпбек Дәуітайұлы өмірден өтті
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Белгілі жазушы, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Несіпбек Дәуітайұлы өмірден өтті. Бұл туралы ақын Маралтай Райымбекұлы өз парақшасында жазды.

Несіпбек Дәутайұлы - 1947 жылы 30 ақпанда Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Киров атындағы колхозда (қазіргі Кенен ауылы) дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік университетін бітірген.

1972-1980 жылдары аудандық «Қордай» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы қызметтерін атқарды. Жамбыл облыстық газетінде меншікті тілші болған. «Жамбыл» әдеби-көпшілік журналының Бас редакторы, Қазақстан Жазушылар одағы Жамбыл облыстық филиалының директоры қатарлы қызметтер атқарды.

Таңдаулы көркем шығармаларға арналған республикалық жабық бәйгелердің жүлдегері, Ғ.Мұстафиннің 100 жылдығына байланысты үздік әңгімелерге арналған әдеби бәйгенің бас жеңімпазы. ҚР Ұлттық кітапханасы өткізген «Ең үздік роман» байқауында «Құдірет пен қасірет» романы жүлдеге ие болған. 

Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының, «Қазақ әдебиеті» газетінің проза жанры бойынша лауреатві. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі және Астананың 10 жылдығына арналған медальдармен марапатталған. Халықаралық «Дарабоз» әдеби бәйгесінің Бас жеңімпазы.

2009 жылы Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері атағы берілді. 2019 жылы "Құрмет" орденінің иегері атанды.

baq.kz

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар