Белгілі журналист Ирина Советжанқызы Жамбыл облысындағы жарылыстан аман қалған өрт сөндірушімен сұхбат жасап, Instagram-дағы парақшасына жариялады деп жазады KAZ.NUR.KZ.
"Полковник жарылмайды деді де, өзі шегіне бастады" Алмаз — жарылыстан құдай сақтап, аман қалған өрт сөндіруші. "Жарылатын зат жоқ деп басшыларымызға айтты, олар да алданып қалған сияқты" — дейді.
Ал, әскерилер шегіне бастаған. Мен кеше жағдайын айтқан, жарақаты ауыр жігіт осы", - деп жазды журналист өз парақшасына.
Алмаздың айтуынша, жарылыстан кейін оның екі көзі көрмей қалған. Оны қасында жүрген басшысы белінен сүйреп, цементтің артына апарады.
"Жарылыс болар кезде біз тура базаның алдында тұрдық. Біздің басшымыз жоғарыдан бұйрық алып, Камазға жүгіріп келді. Сол кезде жарылыс болды да, көліктің есігін жұлып әкетті. Біз жан-жаққа ұшып кеттік. Көзімді ашсам, қап-қараңғы. Ештеңе көрінбейді. Қолдарым сынып қалған. Қасымдағы басшы менен көзің көре ме деп сұрады, мен ештеңе көрінбейтінін айттым.
Кейін ол мені белімнен сүйреп, цемент артына алып келді. Бәріміз бүркеніп жатып қалдық. Кейін олардан адасып қалдым. Қасымда өтіп бара жатқан адамдардан көмек сұрадым. Ал жарылыс болардан бұрын әскерилердің кейін шегініп бара жатқанын байқадым. Санаулы әскери адам ғана жүрді. Қалғандары колонна болып шығып бара жатты. Мен бойы ұзын бір полковниктен жарылыс бола ма деп сұрадым. Ол: "Жарылыс болмайды, ерунда", - деді. Бірақ өзі шегініп бара жатты. Біраздан соң біздің бастығымыз да бірнәрсе сезгендей, жайлап артқа берелік деді. "Абайлайықшы, жігіттер", - деді. Қазір қасымда болғандар қайтыс болған. Ол жерде қаза тапқандардың көбісі өрт сөндірушілер" - дейді Алмаз.