Жаңалықтар 30.08.2021 сағат 11:06

АҚШ-тың Кабулға соққысы кезінде тоғыз адам, оның ішінде алты бала қаза тапты - CNN

АҚШ әскери күштері соққы нәтижесінде бейбіт тұрғындар арасында да қаза тапқандар барын растады.
АҚШ-тың Кабулға соққысы кезінде тоғыз адам, оның ішінде алты бала қаза тапты - CNN
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Кабулда бір отбасының тоғыз мүшесі, оның ішінде алты бала америкалықтардың ұшу аппаратымен жасалған соққыдан қайтыс болды. Бұл туралы CNN телеарнасы қаза тапқандардың туыстарына сілтеме жасап мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жексенбіде АҚШ Орталық қолбасшылығы әуежайға "сөзсіз" қауіп төндіреді делінген Ирак және Шам Ислам мемлекеті ұйымының (ИШИМ, ұйым Қазақстанда тыйым салынған) өзін-өзі өлтіруші лаңкесіне әуе соққысы жасалғанын хабарлады.

Кейінірек АҚШ әскери күштері соққы нәтижесінде бейбіт тұрғындар арасында да қаза тапқандар барын растады. 

"Біз көлік құралының қирауы нәтижесінде күшті жарылыстар болғанын білеміз, ішінде жарылғыш заттардың көп болғанынан солай, бұл қосымша адам өліміне әкелуі мүмкін. Не болуы мүмкін екені белгісіз, біз тергеуді жалғастырып жатырмыз", - деді АҚШ Орталық қолбасшылығының баспасөз хатшысы Билл Урбан.

"Біз жазықсыз кез келген адамның өліміне қатты қайғырар едік", - деп қосты ол.

Ол бұл мәлімдемені CNN тілшісі бір отбасының тоғыз мүшесі, оның ішінде алты бала қайтыс болғанын хабарлағаннан кейін жасады.

Америкалық әскери күштердің жексенбідегі әрекеті соңғы үш күнде ИШИМ террористік тобына жасалған екінші соққысы. Ауғанстанды бақылауына алған Талибан осылайша Америка Құрама Штаттары елдің егемендігін бұзды деп мәлімдеді.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар