$ 498.34  519.72  4.85

Аймағамбетов Тұрсынбек Қабатовтың қызының қатысы бар іске байланысты пікірін білдірді (ВИДЕО)

15 тамыз күні әлеуметтік желіде Тұрсынбек Қабатовтың қызының орнына ҰБТ-ға басқа адам кіріп, жалған төлқұжат жасатқаны туралы ақпарат тараған болатын.

Жақында елімізде 4 баланың ҰБТ-ға жалған төлқұжатпен кіргені туралы ақпарат тараған болатын. Аталмыш іске байланысты Қылмыстық іс қозғалып, тергеу жұмыстары жүргізілген еді. Ал, бұл істе министрліктің жауапкершілігі бар ма? Көпшіліктің көкейінде жүрген осы сауал мен орын алған оқиғаға байланысты Еліміздің білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов өз жауабын берді. Бұл мәселе туралы ол Нартай Аралбайұлына берген сұхбаты барысында баяндады.

– Бұл жерде бір мәселені біз біліп алуымыз керек. Қараңыздар ең бастысы заң бұзушылық болған жоқ. Осы біз жүргізген реформаның, өзгерістердің арқасында жалған құжатпен кірем деген талапкерлер Ұлттық бірыңғай тестілеуге кіре алмады және де дереу фамилиялар, сол ақпаратты тиісті органдарға бердік. Мысалы, ол тек бір ғана сатысы болса, құжатты көрсетіп өтіп кете беруге мүмкіндік болушы еді. Ол құжатты көрсеткеннен кейін келесі Face ID-ға барады.

Міне сонда барлық мәселе анықталып тұрады. Міне содан кейін үшінші кезекке барғанда оның бәрі анықталады.

Сондықтан, жүргізілген өзгерістердің нәтижесінде биылғы жылы өзі емес басқа адамды жіберген фактілерді де бірнеше есе көбейіп отыр. Бірақ, бұл өте дұрыс шешім. Сондықтан, заң бұзушылық болған жоқ. Заң бұзушылық біздің қабылдаған, енгізген шешімдердің арқасында осындай жіберілмей отырғанын да айту керек.

Екіншіден сіз айтқан дайындайтын орталықтар. Орталықтар болуы мүмкін немесе жеке тұлғалар болуы мүмкін. Олар ешкімнен лицензия алмайды. Ол ешкімнен рұқсат алмайды. Кәдімгідей, нарықта беретін қызметтер. Сондықтан, біздің қабылдаған шешімдеріміз заң бұзушылықтардың алдын алу үшін жасалған үлкен қадам деп айтуға болады – деді министр.

Еске сала кетейік, 15 тамыз күні әлеуметтік желіде Тұрсынбек Қабатовтың қызының орнына ҰБТ-ға басқа адам кіріп, жалған төлқұжат жасатқаны туралы ақпарат тараған болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары