Қорғаныс министрлігінің саперлері оқиға орнынан тағы бір адамның денесін тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, қазіргі таңда оның кім екені анықталып жатыр.
Жамбыл облысындағы жарылыстан қаза тапқандар саны он бес адамға жетті.
Қайтыс болғандар арасында азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері де бар.
«Жоғалған бір адам іздестірілуде»,-делінген ҚР ТЖМ баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.
Айта кетейік, тамыздың 26-сы күні Жамбыл облысының Байзақ ауданында орналасқан әскери бөлімнен өрт шығып артынан жарылыс болғаны хабарланған еді.