Жамбыл облысындағы жарылыс орнынан табылған мәйіт ТЖМ қызметкерінікі екендігі анықталды. Бұл туралы ҚР ТЖМ баспасөз қызметі хабарлады.
Жамбыл облысындағы жарылыс орнынан табылған мәйіттің кім екендігі анықталды. Ол 3-МӨСБ қарауыл бастығы Заикин Сергей Владимирович болып шықты. Мәйітті марқұмның туыстары таныды - делінген хабарламада.
Жамбыл облысындағы жарылыс кезінде қаза тапқандар саны он бес адамға жетті.
Жоғалған тағы бір адамды іздестіру жұмыстары жалғасуда.