Жаңалықтар 31.08.2021 сағат 10:20

«Қуанышты хабар! өрт сөндіруші Алмаз аяғына тұрды» - белгілі журналист (ФОТО)

Алмаз есімді өрт сөндіруші осыдан бір күн бұрын Жамбыл облысындағы жарылыс салдары туралы біраз шындықтың бетін ашқан болатын.
«Қуанышты хабар! өрт сөндіруші Алмаз аяғына тұрды» - белгілі журналист (ФОТО)
Фото: видеодан скриншот
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

26 тамыз күні Жамбыл облысы, Байзақ ауданында орын алған жарылыстан аман қалған өрт сөндіруші аяғына тұрды. Бұл туралы 31 арна тележүргізушісі Ирина Советжанқызы Instagram парақшасында хабарлады.  

- Қуанышты хабар! Алмаз аяғына тұрды. Бүгін тұрып, жүріпті. Басы айналған соң қайтадан жылдам жаттым деген жақындарына. Бір көзі бұлдырап, қап-қараңғылық сирей бастаған секілді. Жарылыс кезінде көзіне әйнек сынығы тиіп, қарашығын жыртып жіберген. Көз дәрігері жақсы ота жасаған. Елдің тілеуі шығар, аяғына тұрғаны. Көп оқырмандарым, "Алмаздың жағдайын біліп тұрыңыз" деген соң әпкесімен қайта-қайта сөйлесіп отырған ем, жақсы жаңалық айтты. Оған қысым көрсетпей ме деген алаң көңілдеріңізді де жақындарына айттым. Қысым болмайды деп ойлаймын. Қажеттілік туындаса, қорғаушылары болатынын да жеткіздім. Блогер қыздар хабарласқан, көзіне ота жасау қажет болса, қаржылай қолдау көрсетеміз деп. Алмаздың туыстарымен байланыстырдым. Жарылыстан зардап шеккен тағы бір өрт сөндірушінің келіншегімен де сөйлесіп отырмын. Көмек керек секілді. Бірақ намыстанып тұр. Айтып жатса, осында жазармын - деп жазды журналист.

Еске сала кетейік, Алмаз есімді өрт сөндіруші осыдан бір күн бұрын Жамбыл облысындағы жарылыс салдары туралы біраз шындықтың бетін ашқан болатын.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар