$ 498.34  519.72  4.85

Жапонияның 50 жастағы велосипедшісі Паралимпиадада алтын алды

Сугиура денесінің оң жағы сал ауруына шалдыққан, сондай-ақ 45 жасында веложарыс кезінде құлап, есте сақтау қабілеті бұзылған.

 Кейко Сугиура Токиода өтіп жатқан Паралимпиада ойындарында әйелдер арасындағы C1-3 жарысында Жапонияның ең жасы үлкен алтын жүлдегері атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Кyodo агенттігіне сілтеме жасап.

Сугиураның Fuji International Sppedway-де уақыты 25 минут 55,76 секундты көрсетіп, 1996 жылы Атланта қаласындағы Паралимпиада ойындарындағы 46 жастағы Такио Ушикубоның рекордын жаңартты. Ол сондай-ақ Паралимпиада ойындарында алтын жеңіп алған бірінші велосипедші және жалпы есепте төртінші спортшы болды.

Швеция спортшысы Анна Бек( 26: 18.03) күміс жүлдегер атанса, австриялық Пейдж Греко (26: 37.54) қола жүлдені қанжығасына байлаған. Сугиура денесінің оң жағы сал ауруына шалдыққан, сондай-ақ 45 жасында веложарыс кезінде құлап, есте сақтау қабілеті бұзылған. Сидзуока префектурасының тумасы оңалту аясында велосипед айдауын жалғастырып, 2017 жылғы әлем чемпионатында алтын жүлдеге, 2019 жылғы әлем чемпионатында күміс жүлдеге қол жеткізген.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Олимпиада