$ 494.87  520.65  4.91

Тоқаев Қорғаныс министрінің отставкаға кету жөніндегі өтінішін қабылдады

Нұрлан Ермекбаев Байзақтағы жарылыстан кейін қызметінен кетуге дайын екенін мәлімдеген болатын.
Фото: ашық дереккөзі
Фото: ашық дереккөзі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевтың қызметтен босату жөніндегі рапортын қарастырып, оның өтінішін қабылдады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпараттық порталы. 

Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли өзінің Facebook парақшасында жазды.

Айта кетейік, Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев 15 адамның өліміне әкеп соққан Жамбыл облысындағы әскери қоймадағы жарылыстан кейін отставкаға кетуге дайын екенін мәлімдеген болатын. Министр бұл туралы 27 тамызда өткен брифингтен кейін журналистердің сұрағына жауап беру кезінде айтты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары