$ 494.87  520.65  4.91

Екібастұзда төтенше жағдай жарияланды

Екібастұзда Сәтбаев каналының сорғы станциясындағы өрт салдарынан техногендік төтенше жағдай жарияланды. Шығын - 270 миллион теңге.
Фото: ашық дерекөз
Фото: ашық дерекөз

Екібастұзда Сәтбаев каналының сорғы станциясындағы өрт салдарынан техногендік төтенше жағдай жарияланды. Шығын - 270 миллион теңге, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Екібастұз қаласы әкімінің баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, төтенше жағдай режимін енгізу туралы шешімді төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі қалалық комиссия қабылдады.

"29 тамызда Сәтбаев каналы тармағына тиесілі №2 сорғы станциясында болған апатқа байланысты жергілікті техногендік сипаттағы төтенше жағдай жариялау туралы шешім қабылданды. Комиссия төрағасы Ардақ Қаңтарбаев бірқатар тиісті мәселені айтты. Жауапты шенеуніктерге апат толығымен жойылғанша бақылауда ұстау туралы нұсқаулар берілді", - деп хабарлады Екібастұз қаласы әкімінің баспасөз қызметіндегілер.

Павлодар облысы Төтенше жағдайлар қызметінің баспасөз қызметі мәліметінше, өрт Екібастұздан 35 шақырым жерде орналасқан №2 сорғы станциясында 29 тамызда болған.

"Сорғы станциясының төрт деңгейлі темірбетон ғимаратында үшінші және төртінші деңгейдегі өрт шығып, 150 шаршы метр және жалпы ауданы 100 погон метр электер кабелі мен алаң жанып жатқанын көрдік", - деді Павлодар облысы ТЖД баспасөз қызметі өкілі.

Екібастұз әкімдігінің ақпараты бойынша, өрт сорғы станциясында кернеудің бірнеше рет төмендеуі салдарынан болған. Қазір станция тексеру, өрт салдарын жою мерзімдерін белгілеу үшін жөндеуге шығарылды. Алдын ала шығын сомасы шамамен 270 миллион теңге болған. Жөндеу жұмыстары шамамен 10 күнді алады.

"Кейбір су қоймаларындағы су қоры болған жағдайда Екібастұз өңірінің тұтынушыларына Ертістен қосымша су тартпай тағы 21 күн су жіберуге болады. Екібастұз өңірінің тұтынушылары тұтынатын судың орташа көлемі айына - 1,7 миллион текше метр. Қазіргі уақытта су қоры 17 миллион текше метр, яғни тұтынушыларға су беру қаупі жоқ, су қоры 5-6 айға жетеді", - деп сендірді Екібастұз әкімдігі өкілі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары