10 шілде күні Текелі қалалық полиция бөліміне Ескелді ауданының 36 жастағы тұрғынынан 14 жастағы қызы зорланғаны туралы арыз түскен.
Олардың үшеуінің жасы17-де, біреуінің жасы 18-де болған. Қазір барлығы да қамауда отыр. Оқиға Текелі қаласында болған. Алматы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі сұмдық жайттың болғанын растады.
10 шілде күні Текелі қалалық полиция бөліміне 36-жастағы Ескелді ауданының тұрғынынан оның 14-жасар қызы зорланғаны туралы арыз түскен. Жедел іздестіру шаралары барысында 4 күдікті анықталды. Олардың біреуі 18 жаста және қалған үшеуі 17-і жастағы Текелі қаласының тұрғындары болып шықты. Қазіргі таңда ҚР қылмыстық кодексінің 120 бабының 3 бөлігімен қылмыстық іс тергелуде, іс бойынша бірқатар сараптамалар тағайындалды. Күдіктілер қамауға алынды",- делінген Алматы облысы ПД баспасөз қызметі растаған ақпаратта.