$ 494.87  520.65  4.91

Алматы полициясы стоматологияда қайтыс болған қыздың өліміне қатысты тергеу жүргізіп жатыр

Қылмыстық істі Әуезов ауданының полиция басқармасы жүргізіп жатыр.
Фото: ашық дерекөз
Фото: ашық дерекөз

Алматы полициясы қаладағы стоматологиялық клиникалардың бірінде қайтыс болған 22 жастағы қыздың өліміне қатысты тергеу жүргізіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы ПД баспасөз қызметі бұл дерек ҚР ҚК 317-бабы 3-бөлігі "Медицина немесе фармацевтика жұмыскерiнiң кәсiптік мiндеттерiн тиiсiнше орындамауы, абайсызда адам өлiмiне әкеп соққан іс-әрекеттер" бойынша соталды тергеудің бірыңғай тізілімінде тіркелгенін хабарлады.

Қылмыстық істі Әуезов ауданының полиция басқармасы жүргізіп жатыр. Тергеу аясында тиісті сараптамалар тағайындалды, олардың нәтижесі бойынша түпкілікті процестік шешім қабылданады. 

Айта кетейік, Алматының 22 жастағы тұрғыны үйлену тойы алдында стоматологиялық клиникаға барған. Тісті алып тастау операциясы кезінде қызға толық анестезия жасалған. Дәрігерлердің айтуынша, науқас анафилактикалық шоктан қайтыс болған. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары