Жаңалықтар 31.08.2021 сағат 22:05

Талдықорғанда мектептің оқушы қыздары ауладағы орындықты түбімен жұлып алды (ВИДЕО)

Барлық қыздар мектептегі полицияның тізіміне алынды.
Талдықорғанда мектептің оқушы қыздары ауладағы орындықты түбімен жұлып алды (ВИДЕО)
Фото: видеодан скриншот
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Талдықорғанда мектептің оқушы қыздары ауладағы орындықты түбімен қопарып, құлатты, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқушылардың бұзақы әрекеті түскен бейнежазба алдымен әлеуметтік желіге тарады. Кадрда үш қыздың төбесі көлеңкеленген орындықты шайқап, артынша құлатып, қаша жөнеледі. Желі қолданушылары жасөспірімдердің бұзақылық әрекетіне теріс пікір жазды.

Алматы облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Талдықорған полициясы жедел-іздестіру кезінде 14,15 және 17 жастағы қаланың қыздарын анықтаған. Істің мән-жайын анықтау үшін олар тәртіп сақшылардың бөлімшесіне жеткізілген.

«17 жастағы тұрғынның үстінен ұсақ бұзақылық бойынша әкімшілік шара қолданылды. Барлық қыздар мектептегі полицияның тізіміне алынды»,- деп мәлімдеді Алматы облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінен.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар