01.09.2021, 01:52

Байбектің өкілі:«Дүрлігу мен сасқалақтау үстінде Мамай мен Иманбаева өз өтіріктерін растады»

Фото: ашық дереккөзі
Бұл туралы Байбектің заңгері Айжан Тәшенова өзінің Facebook парақшасында көпшілікпен бөлісті. Осымен қоса заңгер Мамай мен Иманбаеваның сот шешімін мәжбүрлі орындағаны туралы хабарлады.

Бұл туралы Байбектің заңгері Айжан Тәшенова өзінің Facebook парақшасында көпшілікпен бөлісті. Осымен қоса заңгер Мамай мен Иманбаеваның сот шешімін мәжбүрлі орындағаны туралы хабарлады.

Байбектің өкілі: "Дүрлігу мен сасқалақтау үстінде Мамай мен Иманбаева өз өтіріктерін растады" "Сот шешімін орындамайтыны туралы мәлімдемелері мен қитұрқы әрекеттеріне қарамастан, Мамай мен Иманбаева шешімді мәжбүрлі түрде асығыс орындады. Сонымен, демалыс күндері олардың шоттарынан алынған қаражат сот орындаушысының депозитінде болды. Ал бүгін, бірінші жұмыс күні Б.Байбектің өтініші бойынша қаражат аутизмі бар балаларға жәрдем үшін «Болашақ» корпоративтік қорына аударылды", – деді Тәшенова.

Оның сөзінше Мамай мен Иманбаева 27 тамызда, яғни шоттарына тыйым салынғаннан кейінгі екінші күні 876 402 теңге көлеміндегі сот шығындарын өтепті.

Сонымен қатар, Мамайдың өзінің қарызын өтеу үшін елден садақа деп ақша жинаған акциясын Тәшенова нағыз цирк қойылымы деп бағалады.

"Мамай өзінің бастамаларына «халықтың қолдау білдіретінін» мәлімдеп, небәрі 5 адамнан құралған бар жасағын қарапайым халықтан ақша жинау үшін көшеге шығарды. Алайда оларға қолдарында "Мамай – алаяқ, ұры, сатқын, титушка» деген плакаттары бар адамдар бөгет жасады. Осыдан кейін олардың ешқайсысы қайта көшеге шыққан жоқ. Бұл Мамай мен оның ешқандай қолдауы жоқ жалған партиясы жақтастарының шынайы санын көрсетіп берді.

Сонымен, Мамай 27 тамыздағы өз жазбасында "Kaspi" шотына ғана 300 адамның ақша жібергенін» атап өтті. Бұл – Мамайдың "300 спартандық" тақырыбындағы кезекті қиялы. Оны фактілерге сүйеніп, теріске шығару оңай.

Мен талап қоюшының заңды өкілі ретінде сот орындаушысымен үнемі байланыстамын және барлық құжаттарға қол жеткізе аламын. Банкке жіберілген инкассалық өкімге сәйкес Мамай мен Иманбаеваның "Kaspi" шоттарына түсетін барлық қаражатты сот орындаушысы автоматты түрде шегеріп алып отырады.

Осылайша, егер Мамайдың сөзі рас болса, онда тек оның шотынан 26 және 27 тамызда 300 банктік шегеріп алу болуы керек еді. Нақты дерекке сүйенсек, Мамай мен Иманбаеваның 2 шотынан бар-жоғы 7 төлем ғана болды (төлемдер түбіртегі қоса беріліп отыр).

Бірінші күні 4 төлем: Мамайдан – 142.478 теңге, 7.466 теңге және 500 теңге, Иманбаевадан – 20.951,39 теңге. Екінші күні 3 төлем: Мамайдан – 287.417 және 339,14 теңге. Сондай-ақ Иманбаевадан – 417.248,86 теңге, яғни бұл соманың жартысына жуығы, алайда оның шоты ақша жинау үшін мүлде қарастырылмаған еді (!!!).

Көріп отырғанымыздай, Мамай мен Иманбаеваның шоттары бірнеше рет ірі төлемдермен толықтырылды. Олар өтірік пен алдау арқылы тапқан қаражатын сандықтан шығарып, халықтың қолдауы ретінде шотқа өздері салғаны көрініп-ақ тұр», – деді заңгер.

Ол сондай-ақ Мамай мен Иманбаеваның тіпті сауатты өтірік айтуға тиісті білімі де, ақыл-парасаты да жетпей отырғанын айтты.

"Олар дүрлігу мен сасқалақтау үстінде болып, асығыс өтірік айтқаннан кейін өздерінің шынайы жүздерін көрсетіп, өтіріктерін растады", – деп бөлісті Тәшенова.

Сонымен қатар заңгер өз жазбасында бүгін «тікелей эфир» барысында танымал блогерлермен бірге Мамай сотқа ұсынған барлық 2 мың беттік дәлелдеріне тағы бір рет жария түрде шолу жасанан хабарлады.

"Айтпақшы, бүгін «тікелей эфир» барысында танымал блогерлермен бірге Мамай сотқа ұсынған барлық 2 мың беттік (!) дәлелсымақтарының дәлелсіздігіне тағы бір рет жария түрде көз жеткіздік. Менің әлеуметтік желілер арқылы жасалған шақыруыма қарамастан, Мамай да, Иманбаева да, олардың заңгерлері де, олардың «құтқару таяқшасы» іспеттес Базарбек те тікелей сөйлесуден тағы да қашып, сол беттерімен «тікелей эфирімізге» қатысқан жоқ. Яғни, олар өз дәлелдемелеріне сенбей, оларды ашық талқылаудан өздері бас тартты, дәлелдері көк тиын екенін және бұл шын мәнінде макулатура екенін түсінді", - деп жазды Тәшенова.