$ 446.49  475.38  4.79

Бүгін елімізде халық санағы басталды

Биылғы халық санағында 91 сұрақ қарастырылған.

Бүгін Қазақстанда жалпыұлттық халық санағы басталды. Тәуелсіздік алған сәттен бастап елімізде халық санағы осымен үшінші рет өтеді.

«Шара алғаш рет цифрлық технологияларды қолдану арқылы өтпек. 1 қыркүйектен 15 қазанға дейінгі аралықта sanaq.gov.kz сайтында онлайн режимде халық санағынан өтуге болады. Сайт 24 сағат бойы қол жетімді», - деп хабарлады Ұлттық статистика бюросының басшысы Нұрболат Айдапкелов.

Онлайн режимінде санақтан өтпеген азаматтарды қамту үшін 1-30 қазан аралығында қажетті санитарлық нормаларды сақтай отырып интервьюерлердің сауалдарына жауап беру мүмкіндігі болады. Интервьюерлердің электрондық планшеттерді пайдалануы дәстүрлі кезеңнің басты жаңалығы болмақ.

Биылғы халық санағында 91 сұрақ қарастырылған. Алайда азаматтар сауалдардың барлығына жауап береді дегенді білдірмейді. Себебі, санақ парақтарында шетелге кеткен немесе елге келген адамдарға, тек қана әйелдерге қойылатын сұрақтар бар. Сондай-ақ, үйдің жағдайына қатысты сауалдарға тек үйдің иесі ғана жауап береді.

Орташа есеппен, санақ сауалдарына жауап беруге 20-25 минут қажет. Азаматтардың белсенділігі мен шынайы жауаптары халық туралы сапалы деректерді алуға негіз болады. Қазақстанда әрбір азамат маңызды!

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#халық санағы