$ 446.49  475.38  4.79

«Жаңбыр жауып, тұман түседі»: Қазгидромет 1 қыркүйекке болжам жасады

Республикамыздың кей өңірінде найзағай ойнап, жауын жауады.

Синоптиктер сәрсенбі, яғни 1 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Атмосфералық фронтальдық бөліктердің республиканың шығыс, оңтүстік-шығыс аймақтарындағы әсері сақталады, найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында қатты жаңбыр жауады. Оңтүстікте, шығыста, оңтүстік-батыста жел күшейеді, оңтүстік-батыста шаңды дауыл соғады, оңтүстік-шығыста бұршақ жауып, солтүстік-шығыста және орталықта тұман түседі», - делінген хабарламада.

Шығыс Қазақстан облысында түнде басым бөлігінде, күндіз шығысында, оңтүстігінде найзағай ойнап, түнде және таңертең солтүстігінде тұман түседі, найзағай кезінде жел екпіні 15-20 м/с күшейеді.

Алматы облысының солтүстігінде және таулы аудандарында, Жамбыл облысының шығысында және таулы аудандарында найзағай ойнап, бұршақ жауады, жел 17-22 м/с күшейеді.

Түркістан облысында таулы аудандарда найзағай ойнайды, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с жел күшейеді.

Қарағанды облысында түнде шығысында найзағай ойнап, түнде және таңертең солтүстігінде тұман түседі.

Павлодар облысының түнде солтүстік-батысында, оңтүстік-батысында тұман түседі. Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында шаңды дауыл соғады.

Қостанай, Ақмола облыстарының солтүстігінде, Солтүстік Қазақстан облысының солтүстік-батысында, Қарағанды облысының солтүстігінде және шығысында топырақ бетінде 2 градус үсік түседі.

Күндіз Батыс Қазақстан облысында қатты ыстық болады.

Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Түркістан, Қызылорда облыстарында, Жамбыл, Қостанай, Алматы облыстарының басым бөлігінде, Қарағанды облысының батысында, оңтүстік-батысында, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, Ақмола облысының батысында, солтүстік-батысында, Павлодар облысының орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Синоптиктер