02.09.2021, 10:00

Коронавирус пен пневмониядан бір тәулікте 114 адам қайтыс болды

Фото: ашық дереккөзі
479 науқас аса ауыр халде жатыр.

31 тамызда Қазақстанда коронавирус пен КВИ белгілері бар пневмониядан 114 адам қайтыс болды деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігі.

Белгілі болғндай, коронавирусы ПТР-тест арқылы анықталған 93 науқас және КВИ белгісі бар пневмониямен ауырған 21 науқас көз жұмған.

Сондай-ақ, дәл осы күні елімізде 460 адамның коронавирустық пневмония жұқтырғаны анықталғн.

2 қыркүйектегі жағдай бойынша, 104 835 адам коронавирустан емделіп жатыр (97 696 КВИ+ және 7 139 КВИ-). Олардың ішінде 22 388 науқас ауруханада, 82 447 науқас үй жағдайында емделіп жатыр.

Науқастар арасында:

1590 адамның жағдайы ауыр 479 адам аса ауыр халде 226 науқас ӨЖЖ аппаратына қосылған.