02.09.2021, 15:20

5 жасар бала жылқы тепкісінен көз жұмды

Фото: ашық дерекөз
Қайғылы оқиға Ақшұқыр ауылында 27-тамыз күні болған.

Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданында 5 жасар баланы жылқы тепті, деп хабарлайды ЭК.

Қайғылы оқиға Ақшұқыр ауылында 27-тамыз күні болған. Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, аудандық бөлімшеге шақырту кешкі сағат 20.10 шамасында келіп түскен.

Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 001 бабы ( адам өлімі) бойынша іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Сот-медициналық сараптама тағайындалды.