$ 494.87  520.65  4.91

Әкесінің телефонға көңілі ауып кеткен: Павлодар облысында көпқабатты үйден бір жастағы сәби құлап кеткен

Павлодар облысының Солнечный ауылында көпқабатты үйдің балконынан бір жасар сәби құлап кетті, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz-ке сілтеме беріп Stan.kz ақпарат агенттігі.
Фото: ашық дерекөз
Фото: ашық дерекөз

Облыстық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, 1 қыркүйек күні түстен кейін Екібастұз ауруханасына 2020 жылы туған бала түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды.

Полицияның мәліметінше, сәби әкесімен бірге қонақта болған. Ер адам ұялы телефонына көңіл бөліп, ұлынан көз жазып қалған. Осы уақытта бала балконға шығып, терезеден құлады.

Павлодарлық дәрігерлер зардап шеккен баланың жағдайына қатысты түсініктеме берді.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлағандай, қазіргі уақытта баланың жағдайы ауыр, ол жансақтау бөлімінде жатыр.

Жақында оған көкбауырды алып тастау мақсатында ота жасаған, – делінген хабарламада.

Сондай-ақ, дәрігерлер балада ауыр бас сүйек-ми жарақаты, ми шайқалуы, көкірек қуысының органдары жарақаты диагнозы қойылды. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары