$ 449.58  486.94  4.86

Елімізде ипотека 2 пайызға дейін төмендейді

Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов айтты.
Фото: ашық дерекөз
Фото: ашық дерекөз

Жеңілдетілген несие бойынша мөлшерлеме отбасының табысына байланысты жылына 2% және 5% болады, деп хабарлайды ЭК.

Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов айтты.

Үй кезегінде тұрған азаматтарға "Отбасы банк" ипотекалық бағдарламалары бойынша бастапқы жарна көлемі 10 пайызға дейін төмендетіледі. Отбасы табысына байланысты жеңілдетілген несие бойынша мөлшерлеме жылына 2% және 5% болады, - деді Атамқұлов.

Оның сөзінше, баспана сатып алу үшін зейнетақы жинақтарын пайдалануға байланысты қағидаларға да өзгерістер енгізіледі. Осылайша, жинақтардың бір бөлігін (жеткіліктілікті шектен асқан жағдайда) тұрғын үй сатып алу үшін "Отбасы банкінің" шотына аударуға мүмкіндік беріледі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары