Облыстық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, 1 қыркүйек күні түстен кейін Екібастұз ауруханасына 2020 жылы туған бала түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды.
Полицияның мәліметінше, сәби әкесімен бірге қонақта болған. Ер адам ұялы телефонына көңіл бөліп, ұлынан көз жазып қалған. Осы уақытта бала балконға шығып, терезеден құлады.
Павлодарлық дәрігерлер зардап шеккен баланың жағдайына қатысты түсініктеме берді.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлағандай, қазіргі уақытта баланың жағдайы ауыр, ол жансақтау бөлімінде жатыр.
Жақында оған көкбауырды алып тастау мақсатында ота жасаған, – делінген хабарламада.
Сондай-ақ, дәрігерлер балада ауыр бас сүйек-ми жарақаты, ми шайқалуы, көкірек қуысының органдары жарақаты диагнозы қойылды.