$ 494.87  520.65  4.91

Халық санағын жүргізетін уақыт емес: Дәурен Абаев сынға жауап берді (ВИДЕО)

"Қазір барлық деректі мемлекеттік органдардың деректер базасынан алуға болады. Бізге қазір халық санағы қажет пе, жоқ па?"
Фото: ашық дереккөзі
Фото: ашық дереккөзі

Президент Әкімшілігі халық санағына қатысты сынға жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Президент Әкімшілігінің бірінші орынбасары Дәурен Абаев Александр Трухачевтың "Открытый диалог" бағдарламасында санақ жүргізуге қатысты сұраққа жауап берді.

"Желі қолданушылары санақ жүргізетін уақыт емес деп санайды. Қазір барлық деректі мемлекеттік органдардың деректер базасынан алуға болады. Бізге қазір халық санағы қажет пе, жоқ па?" - деп сұрады тележурналист Дәурен Абаевтан.

"Әлемде цифрландыру деңгейі жоғары елдер көп. Бірақ санақтан бірнеше ел ғана бас тартқан шығар. Әдетте, бұл аумағы мен саны жағынан аз елдер. Қалған Қытай, АҚШ, Ұлыбритания, Ресей секілді елдерде санақ әр 10 жыл сайын өтеді. Онкүндік - бұл ұлттың демографиялық және әлеуметтік - экономикалық портретіндегі нақты өзгерістерді бағалауға болатын уақыт аралығы", - деп жауап берді Президент Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары.

"Бұл өте маңызды мәселе. Бізді халық саны ғана емес, кім екеніміз қызықтырады. Сауалнамаға көп сұрақ енгізілген. Бұл деректердің бәрін ақпараттық базадан алуға болмайды. Санақ - бұл халықтың әл ауқатын, нақты жағдайын түсінуге мүмкіндік береді".

"Біз жүргізіліп жатқан реформалардың табыстылығын, облыстық, аудандық билік жұмысының тиімділігін бағалай аламыз.

Санақ жүргізу үшін эпидемиологиялық қауіпсіздіктің барлық ережесі сақталатыны түсінікті. Маска, ПТР-сынамасы бәрі болады. Бұл жерде алаңдататын ештеңе жоқ", - деп түйіндеді Абаев.

Қазақстанда 1 қыркүйек пен 30 қазан аралығында жалпыұлттық халық санағы өтеді. Алғаш рет деректерді жинау процесі екі жолмен жүзеге асырылады: sanaq.gov.kz сайтында және дәстүрлі түрде.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары