Жаңалықтар 03.09.2021 сағат 11:00

«Төрт жарым сағат денесін жасырған»: Шымкент тұрғыны ағасының өліміне жамбылдық дәрігерді кінәлап отыр

Медициналық мекемеге өз аяғымен барған 40 жастағы ағасы екі күн өтпей көз жұмған.
«Төрт жарым сағат денесін жасырған»: Шымкент тұрғыны ағасының өліміне жамбылдық дәрігерді кінәлап отыр
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Шымкент тұрғыны Нұрқанат Байжігітов ағасының өліміне жамбылдық дәрігерді кінәлап отыр. Айтуынша, пневмониямен ауырған ағасын көрші өңірге апарып емдетуге ауылдасы үгіттеген. Ол үшін 2 миллион теңге қаржы сұрап, жоғары сапалы медициналық көмек көрсетуге уәде беріпті. Осы сөзге еріп, өз аяғымен медициналық мекемеге барған 40 жастағы ағасы екі күн өтпей көз жұмған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаның “Информбюро” жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Нұрқанат Байжігітов ауылдық амбулатория дәрігерін "бауырымды өлтірді" деп айыптап отыр. Айтуынша, үйіне қонаққа келген ағасы пневмониямен ауырып қалған. Сайрам аудандық ауруханасы сараптама жасап, өкпесі 32 пайыз зақымданғанын анықтаған. Бірақ науқастардың көптігін айтып, қабылдамай қойыпты. Сол кезде Қайрат есімді ауылдасы әпкесінің Жуалы ауданында жеке клиникасының бар екенін және 2 миллион теңгеге құлан таза айықтырып беретінін айтқан. Сөйтіп, Қайрат Есмұрат Байжігітовті Жуалыдағы Нұрлыкент ауылына алып кеткен екен. Бірақ клиника дегені ауылдық амбулатория болып шығады. Есмұрат ағасына хабарласып, ауруханадағылар ақша төлемесең шық деп жатыр дейді. Сосын достарынан қарыз алып, 103 мың теңге берген екен. Ал екінші күні туысы қаралы хабар естіпті. 

“29 тамыз күні өздері өлтіріп алды. Уазикпен кислородсыз, аппаратсыз, тыныс алу жастықшасыз мына жерден алып шығып, өлтіріп қойды. 4,5 сағат өлігін жасырған. 4,5 сағаттан кейін өлігін өзіміз таптық”, – дейді марқұмның інісі Нұрқанат Байжігітов. 

Марқұм Есмұрат ағасына Қайратқа ақша салма, ол әлдекімдерге 1,5 миллиондай қарыз деп жазыпты. Ал ауылдық амбулатория дәрігері Қайрат есімді азаматтың туған інісі екенін растады. 28 шілде күні бауыры хабарласып, жақын досы сырқаттанып қалғанын әрі, ауданда ешқандай аурухана қабылдамай жатқанын айтқан. Ақ халатты қалаға апаруға кеңес беріпті. Бірақ ертеңгілік жұмысқа келсе Есмұрат пен інісін көреді. Ақыры көңілдерін қимай сұраған дәрісін салып беріп, облыс орталығына жолдадым дейді. Алайда науқастың барғысы келмепті. Ал келесі күні жағдайы күрт нашарлаған соң Тараз қаласындағы стационарлардың біріне жеткізіпті.

“Төсек арбаға салған кезде түрі көкшіл тартып кетіпті. Белгілі ғой жағдай енді. Тіпті ішке барып, тіркеу жасата алмай қойдық. Дәрігерлерге айттым, жолда қайтыс болған адамды қайтып береді ғой енді. Сөйтіп, жаңағы жерге өтініш жасадым жуындырып беріңіздер деп”, – дейді Нұрлыкент ауылдық амбулаториясының жалпы тәжірибелік дәрігері Бакира Усманова. 

Осыдан соң туыстарына хабар беріп, түнде апарып жер қойнына тапсырған. Десек те, марқұмның жақындары бұл жерде бір шикілік бар екенін, бауырын жерлеуге келісім бермегендерін айтады. Сол үшін тиісті органдарға арыз тастап, эксгумация жасату туралы шешім қабылдапты. 

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар