03.09.2021, 22:09

Алматыда 3 және 5 жасар екі бала 9 қабаттан құлап кетті

Фото: ашық дереккөзі
Бақытжан Сағынтаев оқиғаның мән-жайын анықтауды тапсырды.

Алматыда екі бала 9 қабаттан құлап кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

«Наурызбай ауданында 3 және 5 жастағы балалардың қаза болуына байланысты ата-аналарына көңіл айтамын. Алдын ала мәліметтер бойынша, бұл жазатайым оқиға салдарынан болған», - деп жазды Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев Twitter-де.

Қала басшысы Полиция департаментіне оқиғаның барлық мән-жайын анықтап, объективті тергеу жүргізуді тапсырыды. Әкім жағдайды жеке бақылауында ұстайтынын айтты.