$ 494.87  520.65  4.91

Петропавлда жолдан өтіп бара жатқан анасы мен қызын көлік қағып кетті

Зардап шеккендер 32 жастағы әйел мен оның 8 жасар қызы.
Фото: видеодан скриншот
Фото: видеодан скриншот

Петропавлда көлік жүргізушісі жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатқан анасы мен қызын абайсызда қағып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқыс оқиға жайында әлеуметтік желіде жария болды.

Петропавл қалалық полиция басқармасының мәліметінше, жол-көлік оқиғасы бүгін сағат 14.00 шамасында болған. Уәлиханов көшесіндегі жүргіншілер өткелі арқылы жолды кесіп өтіп бара жатқан екі адамды Audi 100 автокөлігінің 52 жастағы жүргізушісі қағып кеткен.

Оқиға куәгерлері бірден жедел жәрдем қызметін шақырды. Зардап шеккендер 32 жастағы әйел мен оның 8 жасар қызы. Оларға емдеу мекемесінде медициналық көмек көрсетіліп, кейін үйлеріне жіберілді.

Жол-көлік оқиғасына байланысты әкімшілік материал жиналып, әкімшілік полиция бөліміне процессуалдық шешім қабылдау үшін берілді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары