Ақтөбе полицейлері сегіз жастағы қызды зорлап кетті деген күдіктіні қолға түсірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Диапазон» басылымына сілтеме жасай отырып.
Облыстық Полция департаментінің мәліметінше, жұртты шошытқан қылмыстық оқиға 3 қыркүйек күні ағайынды Жұбановтар көшесіндегі пәтерлердің бірінде болған.
Полиция бөліміне бала зардап шеккені туралы хабарлама түскен. Белгілі болғандай, қыз бала үйде жалғыз болғанда, белгісіз біреу есікті қаққан. Ештеңеден күдіктенбеген қыз бала бейтаныс адамға есікті ашқан.
«Пәтерге кіріп келген бейтаныс адам кәмелетке толмаған жас балаға зорлық көрсетіп, оның жыныстық қол сұғылмаушылығына қарсы қылмыс жасаған», - делінген ПД хабарламасында.
Оқиға орнына жеткен тәртіп сақшылары күдіктіні анықтап, ізін суытпай қолға түсірген.
Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 120-бабының 4-бөлігі (Зорлау) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Бұл бап 20 жылға немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын қарастырады.
Қылмыстық істі Полиция департаменті басшылығы өз бақылауына алды.