05.09.2021, 01:41

5 өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Фото: ашық дереккөзі
Найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі.

5 қыркүйекте Қазақстанның бес өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.

Түнде 5 қыркүйекте Қостанай облысының> батысында, солтүстік-батысында найзағай күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-батыстан жел соғады, күші күндіз облыстың солтүстігінде 15-20 м/с.

Батыс Қазақстан> облысының солтүстік-батысында солтүстігінде найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.

5 қыркүйекте күндіз Түркістан облысының> тауларында найзағай күтіледі. Таңертең және күндіз облыстың солтүстігінде және батысында шаңды дауыл, батыстан, солтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с күтіледі. Төтенше өрт қауіпі сақталады

Ақмола облысының> батысында найзағай, оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Түнде 5 қыркүйекте Солтүстік Қазақстан> облысының батысында батыстан жел соғады, желдің күші 15-20 м/с жетеді.

Тегтер: ауа райы