Жамбыл облысындағы тағы бір жарылыстан кейін әскерилер госпитальға жіберілді. Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"29 тамызда сағат 12.20 шамасында, шынымен де жарылған дыбыс естілді, ол туралы ресми ақпарат сол күні берілді.
Сол кезде қоймада үш адам болған. Алдын алу мақсатында олар Тараз қаласындағы әскери госпитальға тексеруге жіберілді", - деді баспасөз қызметіндегілер.
Дәрігерлер оларды қарап шыққаннан кейін қандай да бір жарақаттар анықталмағанын айтты. Тексеруден кейін әскери қызметшілер қызмет орнына оралған.
"Қазіргі уақытта 26 тамызда өрт шығып, кейін жарылыстар болған әскери бөлімнің айналасында аумақты тазарту жұмыстары жалғасып жатыр. Қауіпсіздік шараларын сақтауға мұқият назар аударылады. Оған қатысқан әскери қызметшілер арнайы қорғаныс костюмінде жұмыс істейді", - деді департамент өкілі.
Оrda.kz басылымы ҚР Қорғаныс министрлігі бас инспекция департаментінің бастығы, полковник Жұмабек Хасеновке сілтеме жасап, жарылыс салдарынан үш адам жараланғанын жазы: күзетші мен "келісімшарт бойынша әскери қызметтегі екі сарбаз". Басылым мәліметінше, олар жеңіл жарақат алған.
Айта кетейік, 26 тамызда Жамбыл облысы Байзақ ауданында орналасқан әскери нысанда сағат 19.00 шамасында қоймалардың бірінің маңында өрт шықты. Өрт салдарынан белгісіз заттар жарылған. Барлығы 10-ға жуық жарылыс болды.
29 тамызда Қорғаныс министрлігі түнгі сағат 12.20 шамасында жарылыс болғанын хабарлады. "Зардап шеккендер жоқ, алаңында адамдар болған жоқ. Себептері анықталып жатыр", - делінген ресми хабарламада.