Жаңалықтар 05.09.2021 сағат 16:33

АҚШ дәрігерлері мезгілсіз өлімнен сақтанудың жолын атады

АҚШ-тағы Солтүстік-Батыс университетінің ғалымдары жасаған зерттеуге 38-50 жас аралығындағы 2110 әйел мен ер адам қатысқан.
АҚШ дәрігерлері мезгілсіз өлімнен сақтанудың жолын атады
Фото: ашық дереккөзі
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Күніне кемінде 7 мың қадам жасайтын адамдарда аз жүретіндерге қарағанда барлық табиғи себептерден болатын өлім қаупі аз болады. Америкалық дәрігерлердің тиісті нәтижелері JAMA Network Open басылымында жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

АҚШ-тағы Солтүстік-Батыс университетінің ғалымдары жасаған зерттеуге 38-50 жас аралығындағы 2110 әйел мен ер адам қатысқан. 2005-2006 жылдары қатысушылардан физикалық белсенділік деңгейін өлшеу үшін апта бойы күн сайын мықындарына үдеуөлшегіш тағу сұралды. Содан кейін адамдар осы көрсеткішке байланысты үш топқа бөлінді.

Бірінші санатқа физикалық белсенділік деңгейі төмен қатысушылар кірді, олар күніне орта есеппен 7 мыңнан аз қадам жасады. Екіншісінде физикалық белсенділік деңгейі орташа адамдар болды, олар күніне 7-ден 10 мыңға дейін қадамға дейін жүрген. Үшінші топқа күніне 10 мыңнан астам қадам жүретін адамдар орналастырылды. Қатысушыларға 2018 жылға дейін бақылау жүргізілді, барлық өлім тіркелді.

Физикалық белсенділігі жоғары және орташа қатысушылар тобында барлық себептерден болатын өлім қаупі күніне 7 мың қадамнан аз жасағандармен салыстырғанда әлдеқайда төмен екені белгілі болды.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар