Семейде медициналық академияның 2-курс студенті Жансая Нұржанқызына іздеу жарияланды деп жазады «NewTimes.kz».
Туған-туыстарының айтуынша, Жансая қалада құрбысымен бірге пәтерде тұрады екен. 2 қазан күні ол әпкемнің үйіне қонамын деп үйден шығып кеткен. Бірақ, әпкесінің үйіне бармапты. Ал, келесі күні ол оқуына келген. Алайда, сабақтан шығып үйіне кеткен қызды содан бері көрген жан жоқ. Туған-туыстары мен полицейлер бйожеткенді үш күннен бері іздеп таппай жатыр.
Жансаяның жігіті бар екен. Алайда, ол да сүйіктісінің қайда жүргенінен бейхабар. Қазіргі таңда полицейлер мен ерікті бірнеше азамат және қыздың туыстары іздеу жұмыстарын жүргізуде.