Нұр-Сұлтанда екі күн ішінде үш Covid-аурухана жабылды, деп хабарлайды zakon.kz.
Келесі аптада тағы 2 аурухананы жабу жоспарлануда.
Қалалық денсаулық сақтау басқармасындағылар бұл шешім науқастар санының азаюына байланысты дейді. Қазір медициналық ұйымдарда ем алушылардың саны 1500-ге жетпейді. Яғни төсек-орынның 60%-ы бос тұр. Тек 40%-ында науқастар ем алып жатыр.
Айта кетсек, Нұр-Сұлтанда вирустың таралуы бір айда 3 есеге азайды. Орта есеппен күніне 470 жаңа жағдай тіркелуде.
Соған қарамастан дәрігерлер халықты екпе алуға шақыруын тоқтатпайды. Әйтпесе, эпидемиологиялық жағдайдың нашарлау қаупі бар. Ондай жағдайда, қатаң карантиндік шектеулерді қайтадан орнатуға тура келмек.