Тәжік-ауған шекарасындағы және Таулы Қарабақтағы әскери іс-қимылдардың алматылық ардагерлері антқа адал екендгін және Жоғарғы Бас қолбасшы, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бұйрықтарына мүлтіксіз бағынатындығын жеткізді.
Соғыс ардагерлері Мемлекет басшысына бейне үндеу жолдап, олар 2020 жылғы 6 мамырда Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығына қол қойылған жауынгерлік іс-қимылдар ардагерлері туралы заңды қабылдағаны үшін ҚР Президентіне алғыс білдірді.
«Біз бұл заңды 20 жылдан астам уақыт күттік. Сіз Тәжікстандағы төтенше жағдай кезінде тәжік-ауған учаскесінде сыртқы шекараларды күзету бойынша жауынгерлік іс-қимылдар қабылдаған Тәуелсіз Қазақстанның алғашқы сарбаздары ретінде біздің қызметімізді ескере отырып, бізге ардагерлер мәртебесін бердіңіз.
Біз, тәжік-ауған шекарасындағы және Таулы Қарабақтағы ұрыс қимылдарының ардагерлері, сіздердің тірегіңіз болып, ҚР Конституциясын қорғауға ант береміз. Президент және Жоғарғы Бас қолбасшы ретіндегі Сіздің саясатыңызды әрдайым қолдаймыз.
Біз, соғыс ардагерлері, Сіздің саясатыңызға және мемлекеттің конституциялық құрылысына қарсы шыққан ешқандай тіркелмеген саяси партияларды қолдамаймыз. Себебі, біз Тәжікстанда жүріп, соғыс дегеннің не екенін білдік және көрдік. Бұл бізге қажет емес. Біз - соғыс ардагерлері, отбасымыз, балаларымыз, туыстарымыз бейбіт, гүлденген және бақытты мемлекетте өмір сүргіміз келеді», - деді ардагерлер.
Соғыс ардагерлері Алматыдағы жастармен идеологиялық және патриоттық жұмыс жасауда жергілікті әкімдіктерге, әскери комиссариаттарға және білім беру мекемелеріне көмек көрсетуге дайын екенін айтты.
Азаттық рухы