$ 444.22  476.38  4.82

Қостанай облысында бес жасар қызға аю шапты

Бес жасар қызы бар әйел аюдың торына бірінші рет жақындап барғанда, ол тыныш жатқан. Алайда, кейін қыз торға жалғыз барған, сол сәтте жыртқыш баланы тістеп алған.
Фото: ашық дерекөз
Фото: ашық дерекөз

Қостанай облысындағы демалыс базасында бес жасар қызға аю шапты. Бала ауруханаға жеткізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қостанай облысы ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиғаны куәгерлер мен қыздың туыстары әлеуметтік желілерде жариялаған. Олардың айтуынша, оқиға 5 қыркүйекте "Радуга" демалыс базасында болған. Бес жасар қызы бар әйел аюдың торына бірінші рет жақындап барғанда, ол тыныш жатқан. Алайда, кейін қыз торға жалғыз барған, сол сәтте жыртқыш баланы тістеп алған. Оны ата-анасы мен демалушылар құтқарып алған.

Қостанай облысының Полиция департаменті ақпаратты растады. Дерекке қатысты Қылмыстық кодекстің 114-бабы "Денсаулыққа абайсызда зиян келтіру" бойынша соталды тергеу басталған. Бап санкциясы 80 АЕК-ке дейінгі мөлшерде айыппұл салу, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына тарту немесе 20 тәулікке дейін қамауға алуды қарастырады. Бастапқы тергеу әрекеттері жүргізілген.

Демалыс орталығына келушілердің айтуынша, аю қазіргі уақытта "Радуга" аумағында торда жатыр. Тор маңына сақтық шаралары туралы ақпарат бар ескерту белгілері қойылған.

Аюдың оқиғасы туралы жергілікті БАҚ екі жыл бұрын хабарлаған болатын. Демалыс орталығының иесі жануарды бұрынғы иелерінен алған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары