$ 449.58  486.94  4.86

Тоқаев Паралимпиада чемпиондарын «Барыс», «Парасат» және «Құрмет» ордендерімен марапаттады

Дегтярев Давид ІІІ дәрежелі «Барыс» орденімен, Байбатина Зарина, Дәулет Теміржан, Сариев Ануар «Парасат» орденімен, Жұмағали Нұрдәулет «Құрмет» орденімен марапатталды.

Президент жарлығымен биылғы Паралимпиада чемпиондары түрлі ордендермен марапатталды. Президент жарлығының мәтінін жариялайды.
 

Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтау туралы 2021 жылғы 6 қыркүйек ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Токио-2020 ХVI Жазғы Паралимпиада ойындарындағы аса үздік спорттық жетістіктері үшін наградталсын:

ІІІ дәрежелі «Барыс» орденімен Дегтярев Давид Мамиевич – «Қазақстан Республикасының Ұлттық Паралимпиадалық комитеті» ҚБ нұсқаушы-спортшыcы;

«Парасат» орденімен Байбатина Зарина Боранбайқызы – «Қазақстан Республикасының Ұлттық Паралимпиадалық комитеті» ҚБ нұсқаушы-спортшыcы;

Дәулет Теміржан Серікұлы – «Қазақстан Республикасының Ұлттық Паралимпиадалық комитеті» ҚБ нұсқаушы-спортшыcы;

Сариев Ануар Берікұлы – «Қазақстан Республикасының Ұлттық Паралимпиадалық комитеті» ҚБ нұсқаушы-спортшыcы;

«Құрмет» орденімен Жұмағали Нұрдәулет Мақсұтұлы – «Қазақстан Республикасының Ұлттық Паралимпиадалық комитеті» ҚБ нұсқаушы-спортшыcы.

2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаев Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2021 жылғы 6 қыркүйек

№ 652

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары