$ 494.87  520.65  4.91

Коронавируспен күресіп жатқан дәрігерлердің үстемақысы артады

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры биылғы жарты жылға есеп берді.

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры биылғы жарты жылға есеп берді, деп хабарлайды ЭК.

"Дәрігерлерге қаржылық қолдау көрсету 2020 жылдың наурыз айынан бастап беріледі. Ол қауіпті аймаққа байланысты үш топқа жіктелген. Яғни I топқа — 850 мың теңге, II топқа — 425 мың теңге және III топқа — 212,5 мың теңге бөлінеді. Осылайша, биылғы маусым айына дейін дәрігерлерге шамамен 229 миллиард теңге төленген", — деп жазылған сақтандыру қорының хабарламасында.

Сонымен COVID-19 коронавирус инфекциясына қарсы күрес аясында келесі қызметкерлерге қосымша ақы төленеді:

— инфекциялық стационарлардың, провизорлық және карантиндік стационарлардың дәрігерлік, орта және кіші медициналық персоналы;

— дәрігер-реаниматологтар;

— дәрігерлік персонал, орта медициналық персонал және ЖМК, МСАК мобильді бригадаларының, медициналық авиацияның жүргізушілері;

— шұғыл стационарлардың, МСАК ұйымдарының қабылдау бөлімшелерінің қызметкерлері; сондай-ақ блок-бекеттерде карантиндік режимді қамтамасыз ететін денсаулық сақтау қызметкерлері;

— СЭС вирусолог-дәрігерлері мен зертханашылары; СЭС дәрігер-бактериологтары мен зертханашы-бактериологтары, СЭС сынамаларын қабылдау және іріктеу жөніндегі ЖМК және дәрігерлері, СЭС жүргізушілері, санитарлары және дезинфекторлары.

Жоғарыда аталған қызметтерден басқа, оларға босандыру қызметінің, стационардың педиатриялық қызметтің, пульмонологиялық қызметтің, ядролық медицинаның, сәулелік диагностика қызметінің, патологоанатомиялық қызметтің, МСАК қызметінің медицина қызметкерлері де қосылады.

Аталған өзгерістерге байланысты дәрігерлер мен орта медициналық қызметкерлердің басым мамандықтарының жалақысы ұлғайтылады. Қосымша ақының мөлшері 63 750 теңгеден бастап 255 000 теңгеге дейінгі болады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары