07.09.2021, 09:40

Коронавирус пен пневмониядан тағы 79 адам көз жұмды

Фото: ашық дереккөзі
209 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

5 қыркүйекте Қазақстанда коронавирус пен пневмониядан тағы 79 адам көз жұмды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

Оның 64-і коронавирустан, 15-і КВИ белгілері бар пневмониядан қайтқан.

7 қыркүйектегі мәлімет бойынша, 90 160 адам коронавирус инфекциясынан (–82 575 + және 7 585 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 19 279 пациент стационарда, 70 881 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. 

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

1 479 адамның жағдайы ауыр, 387 пациенттің жағдайы өте ауыр, 209 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.