Жаңалықтар 07.09.2021 сағат 14:20

Қазақстанда «дінге сенбейтіндер құқығы» түсінігі енгізіледі – Дін істері комитеті

Яғни, қазір «дінге сенетіндер құқығы» бар, сонымен бірге «дінге сенбейтіндер құқығын» да енгізгіcі келеді.
Қазақстанда «дінге сенбейтіндер құқығы» түсінігі енгізіледі – Дін істері комитеті
Фото: ашық дереккөзі
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Қазақстан заңнамасына «дінге сенбейтіндер құқығы» түсінігін енгізу жоспарлануда. Бұл туралы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі дін істері комитетінің төрағасы Ержан Нүкежанов айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2017 жылы бұрынғы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі деистер мен атеистердің құқықтарын қорғау туралы заң жобасын бастауға тырысты. Қазіргі уақытта осы заңды енгізу немесе әзірлеу бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр ма?», - деген сұрақ қойылды Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.

«Бұған дейін өз баяндамамда дінге сенетіндердің де, сенбейтіндердің де құқықтарын толық қамтамасыз етуге тырысатынымызды айттым. Осыған байланысты біз әлемдік тәжірибеге сүйене отырып, нақты түзетулер аясында «дінге сенбейтіндер құқығы» түсінігін енгізгіміз келеді. Яғни, қазір «дінге сенетіндер құқығы» бар, сонымен бірге «дінге сенбейтіндер құқығын» да енгізгіміз келеді», - деп жауап берді Е. Нүкежанов.

Е. Нүкежанов Қазақстанның зайырлы мемлекет екенін және дінге, конфессияға, этносқа қарамастан заң бәрінен жоғары тұратынын атап өтті. «Біз осыған ұмтыламыз және заң орындалады», - деді Е. Нүкежанов.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар